20.01.2015
«Шараның негізгі мақсаты - ол әскери дайындықты жан-жақты тексеру, әскери бөлімдердің әскери тапсырманы орындауға деген дайындығын, олардың арасындағы ауызбіршілікті сынау», - деді авиация генерал-майоры Нұрлан Орманбетов.
Әскери бөлімдер әскери кезекшілікті өтеу, әскери дайындық, метериалдық техникалық база және жедел дайындық бойынша тексерілді.
Жалпы, ӘҚК бас қолбасшысы авиацияның генерал-майоры Нұрлан Орманбетов бастаған комиссия Алматы гарнизонын тексерістен өткізді.
«Бүгінде комиссия өзінің жұмыс сапарымен Үшарал гарнизонына барады және олардың әскери, дайындығын, әскери бөлімдердің әскери тапсырманы орындауға деген дайындығын бағалайтын болады», - делінген хабарламада.
Естеріңізге сала кетейік, жоспарлы тексеріс апта соңына дейін жалғасатын болады. Ол аяқталған соң әдістемелік ұсыныстар беріледі.