20.01.2015
«Ақтөбе қаласының жұмыспен қамту орталығы және «Ерсін» жеке кадр агенттігінің ұйымдастыруымен жұмыссыз, өзін-өзі жұмыспен қамтитын, аз қамтылған азаматтарға арналған бос жұмыс орындар жәрмеңкесі ұйымдастырылды», - делінген хабарламада.
Жәрмеңкеге 17 жұмыс беруші 53 орынға өтінім берді. Жәрмеңкеге барлығы 160 адам жолықты. Соның ішінде тұрақты жұмыс орнына 67 адам жолдама алды.