• usd -1.56%
    431.37
  • eur -3.51%
    492.67
  • rub +0.01%
    5.71
  • gbp -4.40%
    583
  • cny -0.24%
    67.83
Қызылорда облысы бірқатар даму банктерімен байланыс орнатуды жоспарлауда 19.01.2015

Хабарланғандай, Басқосу барысында Азия даму банкінің Қазақстан Республикасындағы өкілдігінің директоры Джинлин Янг банктің негізгі басымдықтарына тоқталды.

Оның айтуынша, мемлекеттік бағдарламаларды, транспорттық инфрақұрылымды, жеке секторды дамытуға, шағын және орта бизнесті дамыту банктің несиелендіретін негізгі бағыттары болып табылады.

Өз кезегінде, Қызылорда облысының әкімі Қ.Көшербаев  өңірдің инвестициялық мүмкіндіктерін айтып берді.

Кездесу қорытындысында қос тарап әріптестік байланыс орнату мәселелерін талқылады.

Сонымен қатар, баспасөз қызметінің хабарлауынша, Алматы қаласында Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаев бастаған топ Ислам банкінің өкілдерімен де кездесті.

Ислам даму банкінің Орталық Азия және Әзірбайжан елдері бойынша төрағасы Хишан Маруф Қызылорда облысымен әріптестік байланыс орнатуға дайын екендіктерін мәлімдеді.

Айта кетейік, бұл қаржы институты ауылшаруашылық, денсаулық, білім, су жүйлерін жаңғырту, инфрақұрылымды дамыту секілді жобаларды аз мөлшердегі пайызбен ұзақ жылға несиелендіреді.

Кездесу барысында тараптар Сыр өңірінде исламдық қаржыландыруды дамыту мәселесін талқылады.

Бұдан басқа, осы күні облыс әкімі Қ.Көшербаев «AL Hilal Bank», «Falah Growth Fund»,  «Kazakhstan Ijara Company» және малайзиялық «Amanie Advisors CIS» компаниясының басшылықтарымен де кездесіп, әріптестік байланыс оранту мәселелерін талқылады.

Жалпы, қызылордалықтар халықаралық қаржы инстиуттарымен байланысын уақыт өткен сайын нығайтып келеді. Мәселен, Еуропалық қайта дәне дамыту банкімен 2 жылдан бері қаланың инфрақұрылымын дамытуға арналған  8 жобаны бірлесе атқарып жатыр.


Back to the list