• usd -1.56%
    431.37
  • eur -3.51%
    492.67
  • rub +0.01%
    5.71
  • gbp -4.40%
    583
  • cny -0.24%
    67.83
Ақмола облысындағы «Нива» ЖШС Астанаға шамамен 700 тонна сүт тасымалдады 16.01.2015

Хабарламада айтылғандай, ЖШС сүт пен ет өндіреді. Өткен жылдың өзінде ғана мұнда 700 тонна сүт пен 64 тонна ет өндіріліп, елорда аумағындағы азық-түлік белдеуі бағдарламасы аясында Астана нарығына жөнелтілді. Мал шаруашылығы кешеніне 100-120 бас малға арналған 2 сиыр қорасы мен 80 бас малға есептелген 4 база кіреді.

Айта кету керек, «Нива» ЖШС меншікті машина-трактор шеберханасына иелік етеді. Шеберханада түрлі құрылғылар бар. Шеберхана жұмыстарының басты бағыты ауыл шаруашылық техникаларын жөндеу. Оның бір реттік сыйымдылығы 16 дана техника. 


Back to the list