• usd -1.56%
    431.37
  • eur -3.51%
    492.67
  • rub +0.01%
    5.71
  • gbp -4.40%
    583
  • cny -0.24%
    67.83
Маңғыстау облысында мұнай өндіру компанияларының жұмысшыларын еңбек кепілдемелерімен қамтамасыз ету бойынша Меморандумға қол қойылады 16.01.2015

«Бүгінгі таңда ең маңызды мәселе өңірдегі кәсіпорындардың тұрақтылығы. Бірінші кезекте мәселе жұмыс орнын сақтап қалу, жұмысшылар мен жалақыны қысқартуды болдырмау. Сондықтанда ағымдағы жылы және келер жылы осындай олқылықтардың орын алуына жол бермеу керек.  Бұл міндет әрбір кәсіпорын басшысының және кәсіподақ алдында тұр. Біз жергілікті тұрғындар арасында әлеуметтік қысымның орын алуына жол бермеуіміз керек», - деп атап өтті Маңғыстау облысының әкімі.

Келелі кеңесте «Маңғыстаумұнайгаз»АҚ,  «ӨзенМұнайГаз» АҚ, «Қаражанбасмұнай» АҚ мен «БузачиОперейтинг ЛТД» компаниясы филиалының басшылары 2015 жылға арналған өндірістік қызмет жоспарымен бөлісті.

Аймақ басшысы жуық арада облыс әкімдігі, облыстың кәсіподақ ұйымы, облыстық Кәсіпкерлер палатасы және өңірдегі кәсіпорындар басшылығы арасында жұмысшының еңбек құқығы мен кепілдемесін қамтамасыз ету тұрасында Меморандумға қол қоюды ұсынды.

Әкімдіктен атап өткендей, құжатта кәсіпорындардың еңбек ұжымында тұрақтылықты қамтамасыз ету, жаппай жұмыстан қысқаруды болдырмау, әлеуметтік қысымды болдырмау мақсатында келісілген шараларды жүзеге асыру арқылы әлеуметтік салдарды барынша азайту деп баса көрсетілген. Меморандумға  тараптар 20 қаңтарда қол қоятын болады. 


Back to the list