• usd -1.56%
    431.37
  • eur -3.51%
    492.67
  • rub +0.01%
    5.71
  • gbp -4.40%
    583
  • cny -0.24%
    67.83
Шымкент 2200 жылдығын бекіту үшін ЮНЕСКО-ға өтініш берді 16.01.2015

«ЮНЕСКО өтінішті қарап, Шымкенттің 2200 жылдығы әлемдік деңгейде мойындалатын болады. Осыдан кейін 2017 жылы әкімдік аталмыш датаны кең ауқымды атап өтпек», - делінген хабарламада.

Әкімдіктің хабарлауынша, аталған маңызды мәселеге республикалық деңгейдегі мемлекеттік органдар да ат салыса бастады. Мерейтой уақытында өткізілетін шаралар тізімі де дайындалуда.

Естеріңізге сала кетейік, 2014 жылдың күз айында «Шымкенттің 2200 жылдық тарихы» атты халықаралық конференция өткізілген еді. Оған Франция, Канада, Бельгия, Англия, Ресей, Өзбекстан мен Әзірбайжан ғалымдары мен ЮНЕСКО өкілдері қатысқан. Олардың назарларына қаланың терең тарихынан хабар беретін қазба жұмыстарынан табылған жәдігерлер ұсынылған болатын. Конференция соңында олар қаланың 2200 жылдық тарихы туралы резолюцияға қол қойды.

Айта кету керек, 2200 жылдығы расталған жағдайда Шымкент Қазақстанның ең көне қаласы атағын алмақ. 


Back to the list