• usd -1.56%
    431.37
  • eur -3.51%
    492.67
  • rub +0.01%
    5.71
  • gbp -4.40%
    583
  • cny -0.24%
    67.83
Ақмола облысы Ақкөл ауданының өнеркәсіптік өндірісі 3,5 млрд теңгені құрады. 15.01.2015

2014 жылы аудан бюджетіне салық пен өзге де міндетті төлемдерден 697 млн теңге көлемінде қаражат түсті. 2013 жылмен салыстырғанда аудан бюджетін 187 млн теңгеге артық.

Әкімдіктің хабарлауынша, мал шаруалығы өндірісі артып, жеткілікті деңгейде картоп пен өзге де өсімдік шаруашылығы өнімдері жиналған. 2015 жылғы егістікке 18 мың тонна тұқым сақтаулы.

Ақмола облысы Ақкөл ауданының 2014 жылғы ауыл шаруашылығындағы жалпы өнімі көлемі 8,8 млрд теңгені құрады.

2014 жылы жол жайын жақсарту үшін аудан бюджетінен 58,9 млн теңге жұмсалды. Қала мен елді мекендерді көркейту аясында 3756 ағаш пен 306 көшет отырғызылды.

Сонымен қатар ауданда 27 мектеп пен 23 мектепке дейінгі білім беру мекемесі жұмыс істеп тұр. Материалдық-техникалық базаны жетілдіруге аудандық бюджеттен 27,1 млрд теңге бағытталды. 1-6 жас аралығындағы балалардың мектепке дейінгі біліммен қамту көрсеткіші 61,4% болса, 3-6 жас аралығындағы балалар көрсеткіші 92,5%.

Сонымен қатар, әкімдіктің хабарлауынша, денсаулық сақтау саласын дамытуға 590 млн теңге бөлініп, соның ішінде 48 млн теңге материалдық-техникалық базаны жетілдіруге жұмсалды. 


Back to the list