• usd -1.56%
    431.37
  • eur -3.51%
    492.67
  • rub +0.01%
    5.71
  • gbp -4.40%
    583
  • cny -0.24%
    67.83
Ақмола облысында ағаш өңдеу кәсіпорнының өндірісі 8 мың текше метрге дейін ұлғайтылды 16.01.2015

2014 жылы кәсіпорын жаңғыртудан өтіп, қуаттылық мөлшерін жылына 8 мың текше метрге дейін арттырды. Сонымен қатар мұнда 100-ге жуық жергілікті тұрғын нәпақасын табуда. 

2009 жылы зауыт ҮИИД МБ аясында ашылған. Мұнда түрлі есіктер жасалады. Сонымен қатар ағаш қоршаулар мен өзге де осы сынды бұйымдар өндіріледі. Кәсіпорын өнім шығару кезінде барлық заманауи құрылғыларды толықтай пайдаланады.

Айта кету керек, бұл Қазақстан Республикасы бойынша орман саласындағы бірінші тігінен интеграцияланған компания. «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы аясында компанияға мемлекеттік қолдау көрсетіліп, 280 теңге субсидия берілді. 


Back to the list