• usd -1.56%
    431.37
  • eur -3.51%
    492.67
  • rub +0.01%
    5.71
  • gbp -4.40%
    583
  • cny -0.24%
    67.83
Ақмола облысы Еңбек ауданында ірі қара саны 3 есе өсті (ФОТО) 15.01.2015

«Бүгін облыс әкімі Ақкөл ауданына жұмыс сапарымен барды. Еңбек ауданында өңір басшысы сүтті бағыттағы мал шаруашылығымен танысып, бірқатар әлеуметтік нысандарды аралады», - делінген хабарламада.

Еңбек ауылында сүтті бағыттағы мал шаруашылығы қарқынды дамуда. Тұқым сапасын арттыру үшін 2012 жылы шаруашылыққа «Симментал» тұқымдас 300 бас ірі қара малы әкелінді. Австралиялық тұқымның жалпы құны 220 млн теңге болды. Қазіргі таңдаасыл тұқымды мал басы 3 есе артып, 1069-ға жетті.

Әкімдіктің хабарлауынша, шаруашылық 2014 жылы тауарлы сүт фермасын салып, жаңа технологиялармен жарақтандырған. Өткен жылы мұнда 2504 тонна сүт өндірілді. Шаруашылықта 32 ауыл тұрғыны еңбек етуде.

Өз кезегінде облыс әкімі Сергей Кулагин шаруашылық жұмысына оң баға беріп, өңірде өндірілетін өнімнің бірінші кезекте  жергілікті халыққа жеткізілуі керектігін айтты. Сонымен қатар Еңбек ауылында 9 мың тонна сыйымдылыққа ие кептіру кешенінің бар екені белгілі. Алдағы уақытта шаруашылық басшысы аталмыш кешеннің сыйымдылығын арттыруды көздеп отыр.

Әкім ауылдағы мектептің материалдық-техникалық базасымен танысып, нысан жұмысымен танысты. 


Back to the list