• usd -1.56%
    431.37
  • eur -3.51%
    492.67
  • rub +0.01%
    5.71
  • gbp -4.40%
    583
  • cny -0.24%
    67.83
Әуе қорғанысы күштерінің барлық авиациялық базаларында командирлік ұшулар өтті (ФОТО) 15.01.2015

ҚР ҚК ӘҚК Әскери-әуе күштері барлық бөлімдерінің әскери қызметшілері қатысқан жиынның бірінші күні командирлік ұшулармен ашылды.

Қазақстан әскери-әуе күштері үшін бұл жай ғана дәстүр емес, бұл – жас ұшқыштарды ұшу ісіне үйретудің маңызды кезеңі. Командирлік ұшулар ұшуларды ұйымдастыру мен өткізудің өзіндік бір эталоны болып табылады.

ҚР ҚК ӘҚК Әскери-әуе күштерінің қолбасшысы полковник Дәурен Қосанов «бүгінгі таңда әскери әуеайлақтарда тек біліктілігі жоғары мамандар жұмыс істейді. Авиациялық бөлімдердің командирлері жаңа оқу жылындағы ұшуларға бастапқы серпін беруде», - деп атап өтті.

Армия авиациясы жиынының бірінші күні қарсаңында мұқият жердегі даярлық, сынақтар тапсыру, жаттығулар ұйымдастырылды. Ал командирлік ұшулар барысында нұсқаушы-әдістемелік білімдері тексеріліп, нұсқаушы-ұшқыштардың жеке дағдылары шыңдалды, экипаждардың ұшуларды басқару тобымен өзара іс-қимыл жасауы пысықталды.

Полковник Д.Қосановтың айтуынша командирлік ұшулардың мақсатына қол жеткізілді. Авиациялық базалардың басшылық құрамына ұшуларды ұйымдастыру және жүргізу, шеберлікті, жауынгерлік дағды мен ұшулар қауіпсіздігін арттыру жөніндегі кеңестер әзірленді.

«Ұшу құрамы жиын барысында күрделі метеожағдайларда ұшулар орындап, ұшақты басқару техникасындағы, навигациялық даярлықтағы, жауынгерлік қолданудағы машықтану деңгейін жетілдіреді», - деп командир атап көрсетті.


Back to the list