• usd -1.56%
    431.37
  • eur -3.51%
    492.67
  • rub +0.01%
    5.71
  • gbp -4.40%
    583
  • cny -0.24%
    67.83
Байқоңырда 2015 жылғы бірінші ұшырылымға дайындық басталды 14.01.2015

Баспасөз қызметінің ақпаратына сүйенсек, «Инмарсат-5Ф2» телекоммуникациялық ғарыш аппатарты Байқоңырға 2014 жылғы 18 желтоқсанда жеткізілген. 92А-50 алаңының монтаждау-сынау корпусында «Боинг» дайындаушы компаниясы ғарыш бағдарламалары бөлімшесінің мамандары бірден оны дайындауға және автономдық тексеруге кірісіп кетті.

Мұнымен бір уақытта Ресейдің зымыран-ғарыштық саласы кәсіпорындарының есебі ғарыш аппаратын шығару құралдары мен жер үсті ғарыш инфрақұрылымын дайындауға кірісті.

«Протон» зымыран-тасығышы мен «Бриз-М» жүрдек блогын «М.В. Хруничев атындағы мемлекеттік ғарыш ғылыми-өндірістік орталығы» әзірлеп, сериялық дайындауда.  «Бриз-М» жүрдек блогымен жарақталған, жаңғыртылған «Протон-М» геоөтпелі орбитасына 6 тоннадан астам пайдалы жүктемені жеткізуге қабілетті.

 «Инмарсат-5Ф2» - (I-5) бесінші ұрпақтың «Инмарсат»  үш серігінің екіншісі,  Солтүстік және Оңтүстік Америка және Атлантика аумағында байланыс қызметтерін көрсетуге арналған.

I-5 сериясы серіктерінің алғашқысы 2013 жылғы желтоқсанда  «Протон-М» зымыран-тасығышы көмегімен ойдағыдай ұшырылды, деп атап Роскосмос баспасөз қызметі.


Back to the list