14.01.2015
«2014 жылғы 1 желтоқсан жағдайы бойынша өңірдің барлық санатты шаруашылықтарындағы мал саны 407,4 мың басты құраған, оның ішінде сиыр 172,1 мың, қой 524,9 мың, ешкі 75,7 мың, жылқы 114,1 мың, шошқа 68,2 мың және құс 940,3 мың», - делінген хабарламада.
Облыста малды қыс мезгілінде азықпен қамтамасыз ету және мал қыстауын ойдағыдай өткізу мақсатында биыл 855 000 тонна шөп, 157 мың 700 тонна сабан, 23 мың 400 тонна пішен, 65 мың 700 тонна сүрлем, 116,0 мың тонна қоспа жемшөп әзірленген. Сонымен қатар, 2014 жылы жиналған мал азығы қорынан 208 мың тонна шөп қалған.