• usd -1.56%
    431.37
  • eur -3.51%
    492.67
  • rub +0.01%
    5.71
  • gbp -4.40%
    583
  • cny -0.24%
    67.83
Қызылорда облысында «Ақ бұлақ» бағдарламасы аясында елді мекендердің 77%-дан астамы сумен қамтамасыз етілді 12.01.2015

«Бұл 57 елді мекеннің 44-і. Мұнда тұратын халықтың саны 60 мыңнан асады. Су Арал-Сарбұлақ топтық су құбырынан немесе Шоқсудан келеді», - делінген хаюарламада. 

Әкімдіктің хабарлауынша, өткен жылы және одан арғы жылы қыруар іс атқарылды. Республикалық бюджеттің қаражатына Райым, Ескіұра, Үкілісай, Бекбауыл, Құмбазар, Қызылжар және Шөмішкөл ауылдарындағы үйлерге сервистік желілер тартылды. Алайда әлі күнге дейін тұрғындары құдықтан су ішетін ауылдар бар. Осы мәселені шешу үшін 10 ауылда сумен қамтамасыз ету жүйесін қалпына келтіру жобасы дайындалды. Оның жартысында жоба іске асырылып үлгерді, жұмыстар соңына таяп та қалды, қалғаны таяуда аяқталады. Сексеуіл кентінде сумен қамтудың ішкі жүйесін қалпына келтіру бойынша жұмыстар толығымен аяқталды, Аралдың екі көшесіне су құбыры тартылды.
 


Back to the list