12.01.2015
«Қостанай облысында 2014 жылғы қаңтар-қарашада туылғандар саны 11814 адамды құрады, оның 55,8% – қалалық жерде жаңа туылған сәбилер. Халықтың табиғи өсімі 3160 адамды құрады», - делінген хабарламада.
Бұдан басқа, некеге тұрғандар және бұзғандар саны тиісінше 6081 және 3064 құрады.
Қостанай облысы халқының саны 2014 жылғы 1 желтоқсанға ағымдағы деректер бойынша 881,5 мың адамды құрады, оның ішінде 459,9 мың адам (52,2%) – қалалық және 421,6 мың адам (47,8%) – ауылдық тұрғындар.