• usd -1.56%
    431.37
  • eur -3.51%
    492.67
  • rub +0.01%
    5.71
  • gbp -4.40%
    583
  • cny -0.24%
    67.83
Ақтауда төрт кәсіпкер 2 млн теңге көлемінде субсидия алады 11.01.2015

«Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді субсидиялау бойынша комиссияның кезекті отырысы өтті. Онда шаруа қожалықтарына субсидия беру және жанар жағармаймен қамтамасыз ету мәселелері қаралды», - делінген хабарламада.

Ұлттық кәсіпкерлер палатасынан атап өткендей, қалалық әкімдікке субсидия беруге бес шаруақожалық өтініш тастаған екен. Комиссияның шешімімен «Алтын-Топырақ», «Азамат», «Айсберг», «Ринго» шаруақожалықтарының өтініші қанағаттандырылып, «Сәлем» шаруақожалығының өтініші қайтарылды.

Сонымен, «Азамат» шаруқожалығына 720 000 теңге, «Топырақ-Алтын» шаруақожалығына 1 440 000 теңге, «Айсберг» ш/қ 400 000 теңге және «Ринго» ш/қ  122 400 теңге субсидия ретінде берілетін болды.  

Осылайша мемлекет тарапынан төрт кәсіпкерге 2 682 400 теңге көлемінде қолдау көрсетілді. 


Back to the list