10.01.2015
Жалпы, өсім 6% шамасында болды және ол тек 11 айдың көрсеткіші. Тамақ өнімдері өндірісінің өсімі сүт өнімдері, ет және тамақ субөнімдері, шұжық өнімдері мен күнбағыс майы салаларында байқалды. Сары май өндірісі 3 еседей артып, өсімдік майы өндірісі 60%-ға артты, сүт 20%-ға, йогурт 30%-ға, ірімшіктер 26%-ға өсті. Ет өндірісі 22,1%-ға, дәнді дақылдар 19,4%-ға көбейді.
Өткен жылы Қостанай облысында АӨК саласында 33 жаңа инвестициялық жоба жүзеге асырылды.
Бұдан басқа, хабарламада аталып өткендей, инвестициялық жобалар өткен жылы 40 млрд теңгенің өнімімен қамтамасыз етті. Индустрияландыру картасы аясында іске қосылған 55 жобаның 33-і жобалық қуаттылығына 100% көшті.