07.01.2015
«Егу үшін қоймаларға 22,2 мың тонна күріш тұқымы төгілді. Қазіргі таңда тұқымды тазарту жұымстары жүріп жатыр», , - дейді Қызылорда облысы ауыл шаруашылығы басқармасы егіншілік және механикаландыру бөлімінің басшысы Сейілбек Нұрымбетов.
«170 дана ауыл шаруашылығы техникасы сатып алынды, оның ішінде 95-і «ҚазАгроФинанс» арқылы лизинге сатып алынса, 75-ін шаруа қожалықтарының өздері алды», - деп нақтылады Нұрымбетов.
Айта кетсек, өткен жыл қызылордалық күріш өсірушілер үшін молшылық жылы болды. Күзде 78 939 га күріш жиналып, орташа өнімділік бір гектардан 50,1 центнерді құраған еді.