03.01.2015
«Индустриялды-инновациялық даму жоспарына 41,3 млрд теңгенің 14 жобасы енгізілді. Осы арқылы қосымша 2 мыңнан астам жаңа жұмыс орны ашылмақ. Соңғы төрт жылда бағдарламаның іске асырылғалы бері 11 жоба жүзеге асырылған», - делінген хабарламада.
Соңғы жаңалықтардың бірі ретінде жылына 300 мың радиатор шығаратын «Арайстроймаркет-2003» ЖШС зауытыныың ашылуын айта кету керек. 2014 жылдың 11 айында өндіріс көлемі 106,7 млрд теңгеге жетіп, негізгі капиталға салынған инвестиция 43,2 млрд теңгені құрады. Тұрғын үй коммуналдық шаруашылық, су, газ және жылумен қамту желілерін жаңғырту жұмыстары жүргізілуде.
«Қолжетімді баспана-2020» бағдарламасы шеңберінде жалға берілетін тұрғын үй құрылысы үшін республикалық бюджеттен 1,1 млрд теңге, облыстық бюджеттен 163,8 млн теңге бөлінді. Бәйтерек шағын ауданында 75 пәтерлік қос үй салынды, енді үшіншісінің құрылысы жүріп жатыр.
65 пәтерлік тұрғын үй құрылысын аяқтау мақсатында қосымша 105,4 млн теңге бөлініп, 2015 жылдың маусым айында пайдалануға беріледі деп күтілуде. Сонымен қатар 2015 жылы Арай тұрғын үйінде жалдамалы екі үйдің құрылысы аяқталмақ. Оған 303,9 млн теңге бөлінген.