02.01.2015
Жөндеу жұмыстары «Жұмыспен қамтудың жол картасы - 2020» бағдарламасы аясында жүзеге асырылды. Ол үшін республикалық бюджеттен 246,2 млн. теңгеден астам қаражат бөлінді. Жөндеу жұмыстары қыркүйек айында басталып, үш айға созылды. Мердігер – жергілікті компания «Ремстройбыт»ЖШС.
«Біз бұл жөндеу жұмыстарының аяқталуын асыға күттік. «Жұмыспен қамтудың жол картасы - 2020» бағдарламасының арқасында мақсатымызға жеттік. Жалпы, Елбасы өзінің халыққа Жолдауында апатты жағдайдағы мектептерді жою керектігі туралы айтқан болатын. Бұл мақсатта көптеген игі істер атқарылуда», - деп атап өтті облыс әкімінің орынбасары Бахтияр Мәкен.