02.01.2015
Облыс әкімдігінен хабарлағандай, Облыстық мамандандырылған сәбилер үйі 60 орынға арналған. Мұнда жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, ақыл-ой және дене дамуында ақаулықтар кездесетін 4 жасқа дейінгі балалар тәрбиеленуде.
Аймақ басшысы бүлдіршіндерді мерекелерімен құттықтап, Жаңа жылдық сыйлықтар табыстады.
Мұнан соң өңір басшысы Ана мен бала орталығында болды. Биыл пайдалануға берілген нысан емдеу-сауықтыру бағытындағы аймақтағы ең ірі орталық болып саналады. Диагностикалық емханасы бар перинаталдық орталықта отбасын құруды жоспарлау және түсік қаупінің алдын алу бойынша мамандар кеңес береді.
«Соңғы екі жылда ана мен бала өлімі елу пайызға төмендеді. Алдағы уақытта да осындай жемісті жұмыс жасауымыз керек. Оған бізде толық мүмкіндік бар. Келер жылданда жақсы нәтиже күтеміз», - деді облыс әкімі Қ.Көшербаев.