29.12.2014
Жаңа кәсіпорын жылына 30 мың тонна каустикалық сода мен 26 мың тонна хлор өндіретін болады. Оған қоса, әлемдік деңгейдегі өндірістік құрылымдар мембраналық технологиялардың қолданылуымен жүзеге асты. Сондай-ақ, 16,2 млрд теңгенің жобасы 500 жұмыс орнын ашуға мүмкіндік берді.
«4 жыл ішінде 70 мың тонна каустикалық сода өндірілді. 50 мың сұйық хлор, 52 мың тонна тұз қышқылы өндірілді. Біз отандық нарықты осы жылы игердік, Ресейге тауар шығара бастадық. Бүгін республика үшін жаңаша өндіріс түрі мембраналық технология жүзеге асуда», - деді «каустик» АҚ басқарма төрағасы Е.Орымбеков.