• usd -1.56%
    431.37
  • eur -3.51%
    492.67
  • rub +0.01%
    5.71
  • gbp -4.40%
    583
  • cny -0.24%
    67.83
Жекешелендіру аясында 7 шағын несие ұйымының үлесі сатылды – ҚазАгро 25.12.2014

«ҚазАгро» АҚ баспасөз қызметі  хабарлағандай,  қазіргі таңда «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» 7 шағын несие ұйымындағы өз үлесін сатты. Атап айтқанда, олардың қатарында «Түркістан-Агро» ШНҰ», «Аю-Тас-Қаржы» ШНҰ», «Алдияр-Несие» ШНҰ», «Қордай» ШНҰ», "Жуалы-Рантье" ШНҰ", "Шалқар-Несие" ШНҰ, "Ауылшаруышылық несие" ШНҰ" ЖШС кәсіпорындары бар.

Қордың үәкілетті органы тағы екі шағын несие ұйымы бойынша келісім-шарттарды мақұлдау туралы шешім қабылдады - "АуыртауҚаржыСолтүстік" ШНҰ" мен "Жаңа-Қаржы" ШНҰ" ЖШС-дегі Қордың үлесін сату бойынша. Бұл келісімдер жылдың соңына дейін жасалынады деп жоспарлануда.

Аталмыш шешім «2014-2016 жылдарға арналған Жекешелендірудің кешенді жоспарын бекіту туралы Үкімет қаулысын орындау мақсатында жүзеге асырылған. Бұл құжат бойынша ағымдағы жылы қордың 8 шағын несие ұйымындағы үлесі сатылуы тиіс. 


Back to the list