25.12.2014
Жалпы, Кәсіпкерлерге қолдау көрсету мобильді орталығы барлық аудан орталықтары мен 111 ауылдық округ пен елдімекендерді 85 рет аралап шықты. Осы уақыт аралығында «Даму» қорының кеңесшілері 1246 ауыл тұрғынына бизнес және кәсіпкерлікке қолдау көрсету мәселелері бойынша кеңес берді.
Қордан хабарлағандай, аталмыш орталық 2013 жылдан бастап жұмыс істеп келеді.
Ауылдықтар «Бизнестің жол картасы - 2020», «Жұмыспен қамту - 2020», «Сыбаға» сынды бағдарламалар бойынша кеңестер алып қана қоймай, «Бизнес кеңесші», «Бизнес кеңесші - 2», «Іскерлік байланыстар», «Жас кәсіпкер мектебі» бағдарламаларына қатысуға өтініш бере алды.