• usd -1.56%
    431.37
  • eur -3.51%
    492.67
  • rub +0.01%
    5.71
  • gbp -4.40%
    583
  • cny -0.24%
    67.83
Әлем чемпионатының  күміс жүлдегері   Владимир Седовқа Алматы облысының әкімі ақшалай сертификат табыстады 24.12.2014

«Бүгінде облыс көлемінде жасөспірімдердің спорттық мектептері, жоғарғы шеберлік спорт мектебі, олимпиадалық резервтер әзірлеу орталығы мен дарынды балаларға арналған барлығы 25 спорттық мекеме жұмыс істейді. Ағымдағы жылы дене шынықтыру мен спортқа 5 млрд. астам қаржы бөлініп, материалдық-техникалық базасы жаңартылуда», - деп атап өтті өз сөзінде облыс әкімі А.Баталов.

Атап айтқанда, ауыр атлетикадан ҚР халықаралық дәрежедегі спорт шебері, 2014 жылы Алматы қаласында өткен ересектер арасында әлем чемпионатында күміс медаль иеленгені үшін Владимир Седовқа облыс әкімінің алғыс хаты және 1 267 000 тг сертификаты,ауыр атлетикадан ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушысы, Зүлфия Чиншанлоны дайындағаны үшін Виктор Ниге облыс әкімінің Алғыс хаты және 1 810 000 тг сертификаты, ауыр атлетикадан жаттықтырушы, Владимир Седовты дайындағаны үшін Сергей Седовқа облыс әкімінің Алғыс хаты және 905 000 теңгенің сертификаты табысталды.

Естеріңізге сала кетейік, үстіміздегі жылғы 16 қарашада Алматы қаласындағы Балуан Шолақ атындағы спорт сарайында ауыр атлетикадан ерлер мен әйелдер арасындағы әлем чемпионаттары үлкен абыроймен мәреге жеткен болатын.

Бұл біріншілікте еліміз 3 алтын, 2 күміс медаль жеңіп алып, командалық есепте 3-орынға тұрақтады. Онда Зүлфия Чиншанло, Жасұлан Қыдырбаев, Илья Ильин сынды саңлақтарымыз алтын жүлдегер атанса, Жазира Жаппарқұл және Владимир Седов секілді атлеттеріміз күміс медальға қол жеткізді.

Бұл еліміздің 2016 жылы Рио-де-Жанейрода өтетін Олимпиадалық ойындар үшін қажетті ұпай қорының іргесін қалауына негіз береді.


Back to the list