23.12.2014
«Ақмола облысында 2014 жылдың 11 айының қорытындысы бойынша ауыл шаруашылығы саласында жалпы өнім 232,5 млрд теңгені құрады. Атап айтар болсақ, өсімдік өсіру - 166,4 млрд теңге, мал шаруашылығы - 65,6 млрд теңге, қызмет көрсету - 0,5 млрд теңге. Өнімнің ЖКИ - 102,9%, ҚР бойынша -99,6%. Аймақтың республикалық ауыл шаруашылығы өндірісі көлеміндегі үлесі - 10%», - деп мәлімдеді әкім.
Облыс әкімінің айтуынша, АӨК саласында жалпы өнімнің күтіліп отырған көрсеткіші жыл соңына дейін 240 млрд теңгені құрайды.
«Осы жылы өңірдің диханшылары 4,9 млн тонна астық жинады. Орта есеппен гектарынан 12 ц өнім алынды. Жиналып алынған бидай ішкі нарықты және астық тұқыммен қамтамасыз етуге, сонымен қатар сыртқы нарыққа 1,7 млн тонна өнімді экспорттауға мүмкіндік береді», - деді С. Кулагин.
Бүгінде Кулагиннің айтуынша, 58 лицензиясы бар элеватор мен астық қабылдау пункттері бидайды қабылдау, кептіру және сақтау жұмыстарын жүргізуде.
Ақмола облысының тәуекелді аймақта орналасуына байланысты өңірдің ауыл шаруашылығы өндірісін әртараптандыру жұмыстары жүргізілуде. Өткен жылмен салыстырғанда майлы дәнді дақылдар алқабы 95 мың га артып, 346,7 мың га құраса, жемшөп алқабы 12 мың га ұлғайтылып, 220 мың га жетті.
Мемлекеттік қолдау шаралары мал шаруашылығы саласындағы көрсеткіштерді жақсартуға септігін тигізді.
Өткен жылмен салыстырғанда шаруашылықтың барлық санаттарында өсім байқалған. Мысалы сүт өнідірісі 10%-дан 12%-ға дейін, ет 19%-дан 22%-ға дейін көбейді.
Индира Кауметова