• usd -1.56%
    431.37
  • eur -3.51%
    492.67
  • rub +0.01%
    5.71
  • gbp -4.40%
    583
  • cny -0.24%
    67.83
ОҚО-да 2014 жылы  өңдеу өнеркәсібі саласына салынған инвестиция көлемі 151,9%-ды құрады 23.12.2014

Оның үлес салмағы облыс бойынша инвестицияның жалпы көлемінің 9,2% құрады. Ағымдағы кезеңде өңдеу өнеркәсібінде 13385,9 млн. теңгеге жаңа негізгі құралдар іске қосылды. Өңдеу өнеркәсібін дамытуға жұмсалған инвестициялардың едәуір бөлігі 25,4% немесе 8684,4 млн. теңгесі – металл емес минералдық өнімдерді өндіру, 16,6% немесе 5670,5 млн. теңгесі – кокс және мұнай өндеу өнімдерін өндіру салаларына тиесілі.

Аудандар бойынша инвестицияның едәуір үлес салмағы 56,2% немесе 19192,3 млн. теңгесі Шымкент қ. және Сарыағаш ауданына – 21,5% немесе 7354,5 млн. теңгесі тиесілі. Инвестициялық салымдардың негізгі бөлігі (83,2%) кәсіпорындардың өз қаржысы есебінен жүргізілді, қалған бөлігі (16,8%) банктердің кредиттері  және басқа да қарыз қаражаты есебіне тиесілі.


Back to the list