• usd -1.56%
    431.37
  • eur -3.51%
    492.67
  • rub +0.01%
    5.71
  • gbp -4.40%
    583
  • cny -0.24%
    67.83
Қызылорда облысында бірқатар әлеуметтік нысан бой көтерді 23.12.2014

Биыл облыс бойынша 12 мәдени нысанның құрылысына мемлекет қазынасынан 1 млрд. 800 млн. теңгеге жуық қаржы бөлініп, бүгінгі таңда оның төртеуі ел игілігіне пайдалануға берілді. Енді ауыл азаматтарының жиналып, түрлі рухани кештер, шаралар ұйымдастыруына барлық жағдай бар.

«Елбасымыздың көреген саясатының арқасында біздің елімізде мәдениет саласын дамытуға қажетті жағдайлардың барлығы жасалған. Соның ішінде ауылдың мәдениетін көтеру, көркейту – басты міндеттің бірі», - деді аймақ басшысы.

Жаңақорған ауданына қарасты Жаңарық ауылдық округінде 50 орындық балабақша ашылды. Бөбекжай  Елбасының «Балапан» бағдарламасы негізінде бой көтерген.

Сондай-ақ, Шиелі ауданында Жеңістің 70 жылдығына орай  «Тағзым» алаңы бой көтерді. Салтанатты шараға облыс әкімі Қырымбек Көшербаев қатысып, ауыл тұрғындарын  «Тағзым» алаңының ашылуымен құттықтады.


Back to the list