22.12.2014
«Комиссияның отырысы барысында 62 құс фабрикасының өтініштері қаралды, олардың 35-і жұмыртқа, 17 - бройлерлік, 2-үйрек, 1-күркетауық, 2 реттегі 5 - асыл тұқымды арттыру шаруашылығы, 1 реттегі 1- асыл тұқымды арттыру шаруашылығы», - делінген хабарламада.
Сонымен қатар, хабарланғандай, қазақстандық құс өсірушілер 2014 жылдағы кейбір қиыншылықтарға қарамастан өздерінің жоспарларын толығымен жүзеге асыра білген. Алдын ала мәліметтер бойынша, құс шаруашылықтары 2014 жылы 3,2 млрд жұмыртқа мен 138 мың тонна құс етін өндірген.
Қазақстан құс өсірушілер одағының болжамы бойынша 2015 жылы 3,6 млрд астам жұмыртқа мен 180,5 тыс тоннадан көп құс еті өндіріледі.
«Қазіргі таңда еліміздегі жұмыртқа өндірісі қажеттіліктің 95% қамтамасыз етеді. Ал, ішкі нарықтың құс етіне қажеттілігі жылына 250-300 мың тоннаға жуық. Тауық етінің өндірісі сиыр етінің өндірісінен кейін елімізде екінші орында тұрғанына қарамастан құс етімен өзін-өзі қамту әзіргі 50%-ға жуық шамада», - деп Одақтан түсіндірді.
Қазақстан құс өсірушілер одағының президенті Руслан Шәріповтың айтуынша, отандық құс фабрикалары 3-4 жылдан кейін қазақстандық нарықты толығымен құс етімен қамтамасыз ететін болады.