22.12.2014
Еске салайық, «2014-2016 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» 2013 жылдың 3 желтоқснанына Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес 2014 жылы «Агроөндірісітік кешен субъектілерін қолдау блйынша шараларды жүргізу үшін «ҚазАгро» Ұлттық басқарушы холдингі» АҚ-н несиелендіру» 023 бюджеттік бағдарламасы бойынша «ҚазАгро» Холдингі» АҚ-на 40 000 млн.теңге мерзімі 2014 жылдың 20 желтоқсанына дейін бюджеттік несие берілген болатын.
Жоғарыда аталған несие қарыз түрінде «ҚазАгро» Холдингі» АҚ-ның үш еншілес компаниялары және екінші деңгейлі банктер арасында бөлінген болатын. Бюджеттік несие есебінен қаражатты игеру жоспарланған 40 000 млн.теңгеге немесе 100%-ға орындалды, соның ішінде: «Азық-түлік келісім шарт корпорациясы» АҚ - 13 042 052 800 теңге (100%), «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ - 6 457 947 200 теңге (100%), «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ - 500 000 000 теңге (100%) және екінші деңгейлі банктер - 20 000 000 000 теңге (100%).
2014 жылдың егін жинау науқанында қалыптасқан қолайсыз ауа-райына байланысты бірқатар АШТӨ «ҚазАгро» Холдингі» АҚ еншілес компаниялары алдында міндеттемелерін уақытылы орындай алмағандығын атап өткен жөн. Осыған орай, «ҚазАгро» Холдингі» АҚ еншілес компаниялары республикалық бюджет алдында міндеттемелерін өз мерзімінде орындау мақсатында жеке немесе тартылған қаражатын қолдануына мәжбүр болды.