19.12.2014
«Жиынға алпыстан астам адам қатысып отыр. Аталған шарада психолог офицерлердің әртүрлі жағдайда жеке құрамды мүмкін болуы тиіс психогендік шығындардың алдын алуға бағытталған жұмыстар әдістемесіне оқытуға барынша мән беріледі», - делінген хабарламада.
Бұл үшін жеке құрамды стресс жағдайында өзін-өзі реттеу тәсілдеріне, психологиялық даярлық әдістеріне, ұрыс жағдайында жедел психодиогностика жасауға және қажетті психологиялық жәрдем көрсетуге, сондай-ақ арнайы операцияларды жүргізу кезінде психологтардың іс-қимыл алгоритміне оқытатын бірнеше оқу нүктелері жасақталады.
Осы жерде психолог офицерлердің жыл сайын осындай жиындарға қатысатынын атап өткен жөн. Бұл шаралар әскери қызметшілердің ұйымдастыру-әдістемелік және тәжірибелік даярлығын, барлық дәрежедегі әскери қызметшілердің психологиялық жәрдем көрсететін қызмет ерекшеліктерін дамытып отыруға көмектеседі.