• usd -1.56%
    431.37
  • eur -3.51%
    492.67
  • rub +0.01%
    5.71
  • gbp -4.40%
    583
  • cny -0.24%
    67.83
Елдегі туристік сала кірісінің 50%-ы Алматыға тиесілі – Есімов 19.12.2014

«Қала экономикасын алға сүйреуші сектордың бірі - туризм. Жалпы елдегі туристік сала кірісінің 50%-ы Алматыға тиесілі. Өткен жылы алғаш рет осы саладан бюджетке 5,2 млрд теңге кіріс кірді. Бұл 2011 жылмен салыстырғанда 2 есеге артық», - дейді әкім.

Жіктеп айтар болсақ, 2013-2014 жылдың  маусымында «Медеу» шатқалына 180 мың адам барған. Жалпы түсім 85 млн теңгеден 289,6 млн теңгеге артты. Ал «Шымбұлаққа» барып дем алушылар саны 2013-2014 жылғы маусымда 393,5 мың адамды құрады. Сонымен қатар, «Шымбұлақта» шаңғы тебушілер саны да 40 мыңнан 120 мыңға дейін ұлғайды.

Сонымен қатар, әкімнің айтуынша, «Көк Жайлау» таң шаңғысы демалыс орны ұлттық туристік жобалар тізіміне енгізіліп, келер жылдан бастап оның құрылысы қолға алынбақ.

«5 мыңнан астам жаңа жұмыс орны ашылып, тау шаңғысы спорты саласындағы әлемдегі алпауыт компаниялардан инвестиция түседі. 2014 жылдың 6 желтоқсанында Франция Республикасы Президенті Француа Олландтың мемлекеттік сапары аясында Алматы әкімдігі мен «Монтань» француз тау шаңғысы кластері ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Құжатқа сай, француз қауымдастығы қысқы спорт түрлерін тарату мен тау туризмін кеңінен танытуға қолдау көрсетпек», - деді Алматы әкімі.

Айта кету керек, туристерге арналған британдық TheRoughGuide басылымының жүргізген зерттеуі нәтижесі бойынша Алматы 2014 жылғы сапарлап кетуге тұрарлық алғашқы он қаланың тізіміне енді. Олардың арасында Рио-де-Жанейро мен Ливерпуль секілді шаһарлар бар. Алматы осы тізімде жетінші орында.

Индира Қауметова


Back to the list