19.12.2014
«Қарағанды облысы бөлшек тауар айналымының көлемі бойынша республикада Алматы және Астана қалаларынан кейінгі тұрақты үшінші орынды алады. Бөлшек тауар айналымының құрылымында 58,2%-ды азық-түлік емес және 41,8%-ды азық-түлік тауарлар алады», - делінген хабарламада.
Бөлшек сауданың негізгі көлеміндегі жеке сауда қызметін жүзеге асыратын және базарларда сататын жеке тұлғалардың үлесі 59,5%-ды құрады. Олар 303,6 млрд. теңгеге тауар өткізді, бұл 2013 жылғы қаңтар-қарашаға қарағанда 1,9%-ға артық.
Занды тұлғалардың сауда кәсіпорындары өткізген тауарларының көлемі 13,4%-ға артып, 206,9 млрд. теңгені құрады.
Сатудың басым көлемі Қарағандыға тиесілі – 397,0 млрд. теңге немесе облыстық тауар айналымнан 77,8%. Теміртау мен Жезқазғанға облыстық тауар айналымның 8,9%-ы және 4,4%-ы тиесілі. Басқа өңірлердің үлесі 2,4%-дан (Балқаш) 0,04%-ға (Ұлытау ауданы) дейін ауытқиды.