• usd -1.56%
    431.37
  • eur -3.51%
    492.67
  • rub +0.01%
    5.71
  • gbp -4.40%
    583
  • cny -0.24%
    67.83
Қызылордада «Даму» Қоры кәсіпорынға бизнес мүмкіндіктерін кеңейтуге серпін берді 19.12.2014

Қызылорда облысының кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығында «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы аясында кепілдендірудің үшжақты келісіміне қол қойылды. Несиелік қаржыға компания арнайы қондырғы мен құбырларды жөндейтін арнайы автокөлік алу жоспарлап отыр. Арнайы қондырғыны ресейлік өндірушілерден алу жоспарланған.

Қорда хабарлағандай, компания 2007 жылы ашылды, ол «Construction Тех Сервис» ЖШС қызметі негіз болып отыр. Компания директоры Мақсұт Маханбетовтың  айтуынша, мемлекеттің қолдауымен кәсіпкерлік қызмет бизнестегі мүмкіндіктерін молынан қолдануға мүмкіндік алды.

Айта кетерлігі, жобаны жүзеге асыру мақсатында 66 жаңа жұмыс орны ашылады.


Back to the list