• usd -1.56%
    431.37
  • eur -3.51%
    492.67
  • rub +0.01%
    5.71
  • gbp -4.40%
    583
  • cny -0.24%
    67.83
Ақтөбе облысында шағын тракторлар шығарылады 18.12.2014

Хабарламада аталып өткендей, «Трактор» машина-техникалық станциясы бірнеше жыл бойы пресстеуші-жинақтаушыны құрастырумен айналысып келді, комбайн мен тракторларды күрделі жөндеу қызметтерін де көрсететін. Жыл сайын МТС-да 70 дана техника жөндеуден өтеді.

Кәсіпорынның өндірістік базасы жаңа жобаларды игеруге өз күштерін салуды жөн көрді.

«Мамыр айында «Трактор» МТС» ЖШС өкілдері Палатаға өтініш жасап, өздерінің жаңа өндірісті іске қосу бойынша жоспарларымен таныстырды. Олардың ұсынысы қомақты қаражатты қажет етті, осы ретте біз оларға шағын тракторлар өндірісі нарығын зерттеуді ұсындық. Алты ай ішінде олар ресейлік компаниямен келісіп, шағын тракторларды құрастыруға қажетті бөлшектерді жеткізу бойынша келісімге отырды», - деді экономикалық жобалар бойынша директордың орынбасары Нұрлыбек Мұқанов.

Кәсіпорында дайын өнімнің таныстырылымы өтті. «Шілде айынан бастап біз ресейлік «Трактор» ЖШҚ-мен келіссөздер жүргіздік. Олар бізге шағын тракторларды құрастыруға қажетті бөлшектерді жеткізетін болады. Біз мониторинг жүргіздік, тракторға деген қажеттілік бар және олардың бағасы да көңілімізден шығып отыр. Жобаны жүзеге асыруға 30 млн теңге қажет», - деді «Трактор»МТС»ЖШС директоры  Сабыржан Бегімбаев.


Back to the list