18.12.2014
«Аталмыш емхана барлық талаптарға сай салынған және қажетті техникамен жабдықталған. Нәтижесінде ауыл тұрғындарына сапалы және қолжетімді медициналық қызмет көрсетіледі», - деді аймақ басшысы Ерік Сұлтанов.
Бұдан басқа, ашылу салтанатының құрметіне облыс әкімі Ерік Сұлтанов медицина мекемесіне жаңа реанимобильді сыйға тартты. Жаңа емдік мекеме облыс орталығына бармай-ақ сол жерде күрделі зерттеу жүргізуге мүмкіндік беретін заманауи техникамен жабдықталған.
Сонымен қатар балалар, ересектер бөлімі мен 10 орынға есептелген күндізгі стационары да бар. Медициналық қызметті жергілікті тұрғындарға 30 дәрігер көрсететін болады, олардың бесеуі - жас маман.
Жалпы, медициналық мекемеде барлығы 360-тан астам адам жұмыс істесе, дәрігерлерге мамандандырылған 23 дана техника көмекке келеді.