12.12.2014
Шағын автобус тұрғысындағы аталмыш көліктік құрылғы стационарлы студиялардан тыс түсірілім жүргізуге бағытталған. ККС түсірілім алаңына керекті телевизиялық аппараттың қозғалуын қамтамасыз етеді. Ол сондай-ақ, орталық телестудияның дабылына әсер етеді.
«Мұндай станция түсірілімді бірден екі-үш камерамен түсіруге мүмкіндік береді. Сондай-ақ, монтаж бен тікелей эфирді оқиға орнынан жедел жібере алады», - делінген хабарламада.
Қондырғы студенттерге кәсіби тәжірибе жинап, жұмыстың өндірістік кезеңі: түсірілім, монтаж бен эфирге дайын видео өнімді жіберуді қамтамасыз етеді.
Айта кетерлігі, аталмыш станция көмегімен ел үшін тарихи маңызды Елбасының қатысуымен өткен оқиғалар түсірілді. Бұл орайда ККС Қазақ ұлттық өнер университетіне берілуі телевизия саласының мамандарын дайындауда үлкен мәнге ие.