• usd -1.56%
    431.37
  • eur -3.51%
    492.67
  • rub +0.01%
    5.71
  • gbp -4.40%
    583
  • cny -0.24%
    67.83
2020 жылға дейін суландырылған жайылымдар көлемі 32 млн гектарға жетеді-Мамытбеков 12.12.2014

«Агробизнес-2020» бағдарламасы аясында облыстардың орналасу  аймағы мен мамандандырылуын есепке ала отыра, ауыл шаруашылығының барлық салаларын, оның ішінде жемшөп өндірісін дамыту бойынша шеберлік жоспарлары әзірленді.  Оның негізгі мақсаты: мал шаруашылығы саласын тұрақты дамуына нақты жемшөп базасын құру; өнімділіктің техника-экономикалық параметрлерін арттыру мақсатында ауыл шаруашылығы мал басын азықтандырудың толымдылығын, тұрақтандырылғанын және жемшөп деңгейін арттыру жолдарын анықтау; 2020 жылға дейін 4,0 мың құдық салу арқылы суландырылған жайылымдардын көлемін 32 млн. гектарға арттыру», - деді ауыл шаруашылығы министрі.

Өз сөзінде министр Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 29 сәуірдегі №421 Қаулысымен инвестициялық субсидияландыру бағдарламасы «Агроөнеркәсіптік кешен субъектісі инвестициялық салынымдар кезінде жұмсаған шығыстардың бір бөлігінің орнын толтыру бойынша субсидиялау қағидалары» бекітілгенін мәлімдеді.

«Бағдарлама арқылы сүтті және етті бағыттағы ірі қара мал шаруашылығында шырынды азықтарды дайындауға арналған суландыру жүйесін құруға кеткен шығындарды 50%-ға дейін, шахталық және құбырлық құдықтардың құрылысына кеткен шығындардың 80%-на дейін субсидияландыру қарастырылған», - дейді.

Одан басқа, фермерлік шаруашылықтарды қолдау мақсатында ірі қара мал, жылқы және қой шаруашылығымен айналысатын тауарлық фермаларға жемшөп дайындау техникасын алуға кеткен шығындардың 50%-ы субсидияландырылмақ.


Back to the list