11.12.2014
«Ақмола медиа орталығының» хабарлауынша, бөлінген қаражат 212 елді -мекендегі 231 жобаны іске асыруға бағытталған. Олардың арасында 79-ы ауыларалық жолдардың, өткелдердің ағымдағы жөндеуі мен бағдаршамдар орнату, 55-і аулалық балалар ойын алаңын салу, 34-і көшелерді жарықтандыру, 20-сы көшелерді абаттандыру мен 26-сы білім беру және мәдени ошақтарды жөндеу бойынша.
«Өңірлерді дамыту» бағдарламасы аясында жергілікті деңгейдегі өзекті мәселелерді шешу үшін өңірлерді қаржылық қолдау тетіктерін іске асыру болып табылады. Аталмыш шараның басты тұсы халықтың бөлінген қаражатты жұмсау мен бөлуіне тікелей араласуы.
Хабарламада айтылғандай, жергілікті өзін- өзі басқаруды дамыту ауылдық жерлерді дамыту мен ауыл халқының өмір сүру сапасын арттыру бойынша шараларды анықтау ұсыныстарын дайындауға ауыл халқының өзін тартуға бағытталған. Аталмыш шаралар жоғары және орта деңгейдегі әлеуметтік-экономикалық әлеуетке ие елді мекендерде жүзеге асырылады.