• usd -1.56%
    431.37
  • eur -3.51%
    492.67
  • rub +0.01%
    5.71
  • gbp -4.40%
    583
  • cny -0.24%
    67.83
Алматы облысының әкімі «Апорт» бағдарламасының орындалу барысымен танысты 10.12.2014

Мұнан соң облыс басшысы 120 орындық № 1 балабақшада, «КазТЭК» ЖШС-да болды. Қала әкімі Талғат Қайнарбеков «Моноқалаларды дамытудың 2012-2020» жылдарға арналған бағдарламасының орындалу барысымен таныстырды. Төрт бағыт бойынша атқарылған шараларды баяндай келе, бірнеше жаңа жобалардың жобасын көрсетті. 

Моноқала бағдарламасы шеңберінде абаттандырылған орталық саябақта болып, саябақтың болашақтағы даму жобаларымен танысты. Мұнда қазірдің өзінде ашық аспан астындағы мұражай, роллер клубы, шағын архитектуралық мүсіндер қойылған, алдағы уақытта балалар аттракциондары, кәсіпкерлер аллеясы, пейнтбол клубы сияқты көптеген жобалар жүзеге асырылмақ. 

«Ресми делегация Туризм мектебіне ат басын бұрып, балалардың тауға өрмелеу, өлкетану, велоспорт түрлерін дамыту жұмыстарын тамашалады. Бұдан соң Жастар орталығы ғимаратында, қарттар үйінде және Текелі кенді қайта өңдеу кешенінде де болды», - делінген хабарламада.

 

 


Back to the list