09.12.2014
«Агробизнес-2020» бағдарламасы аясында Ерейментау ауданы шаруаларына егістік шаруашылығын дамыту үшін 1 млн 153 мың 075 теңге көлемінде жоғары сұрыпты тұқым бағасын арзандату мақсатында субсидия бөлінді. Ал ауыл шаруашылығында пайдаланылатын гербицид, энтомофаг пен биологиялық қоспалар құнын төмендету үшін 47 млн 362 мың 490,3 теңге, ауыл шаруашылығының басым бағыттарын дамыту үшін 156 718,80 теңге шамасында субсидия бөлінді», - делінген хабарламада.
Сонымен қатар, 2014 жылы Ерейментау шаруалары асыл тұқымды мал шаруашылығын дамыту үшін 20,99 млн теңге субсидия алды. Хабарламада айтылғандай, аталмыш қаражатқа 52 бас асыл тұқымды аталық ірі қара мен 76 бас аналық ірі қара, 60 қой мен 20 жылқы алынды.
Естеріңізге сала кетейік, елдің аграрлы секторын дамыту мақсатында Ауыл шаруашылық министрлігі 2013-2020 жылдарға арналған «Агробизнес-2020» атты елдің АӨК дамытудың арнайы мемлекеттік бағдарламасын дайындады. Онда шаруалар мен фермерлерді мемлекеттік қолдаудың барлық тетігі қарастырылған.