08.12.2014
«АӨК қолдау шаралары бойынша семинарда қазіргі уақытта аймақтарда туындаған өзекті сұрақтар талқыланып, оларды шешуде «ҚазАгро» қаржылық институттарының жұмысымен шешу жолдары қарастырылды», - делінген хабарламада.
Шақырылған мамандар мен тәжірибешілер республиканың ауыл шаруашылығындағы жобаларды қолдау мақсатында құрылған бағдарламалармен қатар қолданыстағы бағдарламалар туралы айтып өтіп, сонымен қатар өзінің шаруашылығында аталған бағдарламаларды тиімді пайдалану жолдары туралы сөз қозғалды.
«ҚазАгро» Ұлттық басқарушы холдингінің Басқарма төрағасы Қайрта Айтуғановтың сөзіне сәйкес бүгінгі күні Ұлттық холдингпен қаржыландырылатын инвестициялық жобалар Қазақстанның барлық аймақтарында жүзеге асырылуда.
Көшбасшылар болып Ақмола облысы, Солтүстік Қазақстан, Қостанай және Оңтүстік Қазақстан облыстары болып табылады. 2014 жылы республиканың АӨК-н жалпы қаржыландырудың көлемі 168.4 млрд.теңгені құрады, оның ішінде Ақмола облысының жобаларын қаржыландыруға 32,3 млрд.теңге бағытталды. «ҚазАгро» өкілі осы аймақтағы жобалар туралы сөз қозғай келе, Ұлттық Холдингпен Ақмола облысында 63 инвестициялық жобаның іске асуы туралы айтып өтті, соның ішінде 18 шаруашылық-репродукторлар, 14 астық сақтау қоймаларының құрылысы бойынша жобалар, 7 жем-шөп өндірісі бойынша жобалар, 4 сүт-тауар фермалар бойынша жобалар, 3 жоба жылыжай кешендерінің құрылыс бойынша жобалар. Алдыңғы қатарда: Целинаград ауданы – 11 /жобалар/, Ақкөл – 8 жоба және Есіл ауданы 7 жоба.
Семинар барысында «Агробизнес-2020» бағдарламасы бойынша «ҚазАгро» лизинг пен қарыздар бойынша пайыздық ставканы арзандату бойынша жұмыстарды жалғастыруда. Осы бағдарлама бойынша 5,7 млрд.теңге сомасына 8 335 өтінім қарастырылды, соның ішінде Ақмола облысы бойынша 380 млн.теңге сомасына 912 өтінім мақұлданды.
Инвестициялық субсидиялау бойынша бүгінгі күні 1 016 өтінім келіп түсті, соның ішінде 7,77 млрд.теңгеге 732 өтінім мақұлданды. Соның ішінде Ақмола облысы бойынша 420 млн.теңге жалпы сомасына 31 өтінім мақұлданған.
Қаржылық сауықтыру бағдарламасы шеңберінде «ҚазАгро» мәліметтері бойынша 312,9 млрд.теңге сомасына 292 өтінім мақұлданды, соның ішінде Ақмола облысы бойынша – 130,6 млрд.теңге сомасына 71 өтінім, бұл ең үлкен көрсеткіш.