• usd -1.56%
    431.37
  • eur -3.51%
    492.67
  • rub +0.01%
    5.71
  • gbp -4.40%
    583
  • cny -0.24%
    67.83
2015 жылы Қазақстанда қарызды  шекарада төлеу жүйесін енгізу жоспарлануда 08.12.2014

«Жалпы, шетелге шығатын азаматтардың қарызын әуежайларда, вокзалдарда өндіріп алу мәселесін шешу үшін қарызы бар азаматтардан электронды түрде төлем қабылдау терминалдарын орнату туралы ұсыныс айтылған», - деді ол.

«Менің ойымша, бұл өте дұрыс тәжірибе және осындай терминалдарды келесі жылдан бастап орнатуды жоспарлап отырмыз. Әрине, бұл тәжірибені енгізерде тиісті органдармен бірге жұмыс істейтін боламыз. Сондықтан, келесі жылдан бастап бұл мәселе шешімін табады деп ойлаймын»,-деп түсіндірді вице-министр.

Оның айтуынша, бүгінгі таңда 64 уәкілетті мемлекеттік органға айыппұл өндіруге құқық берілген. Қарызы бар адамдарды шетел асырмау өзекті мәселе. Жуырда Бас прокурордың төрағалығымен үйлестіру кеңесінің отырысы өтіп, әкімшілік айыппұлдарды өндіріп алу мәселесі қаралды.  

Камила Амирова 

 


Back to the list