08.12.2014
«Есіл» ауданының үлес салмағы 17,2%-ды құрайды, деп хабарлады Астана қаласының статистика департаменті.
Жаңа заңды тұлғалардың 538-і жауапкершілігі шектеулі серіктестік (әрі қарай - ЖШС) түрінде тіркелген. Сонымен бірге, тіркелген кәсіпорындар мен ұйымдардың 12 бірлігін - қоғамдық бірлестіктер мен қорлар (бұдан әрі - ҚБ), 4 - мекеме, 2 - заңды тұлғалар бірлестігі, 2 - тұтыну кооперативтері (бұдан әрі - ТК).
Жойылған кәсіпорындардың 228 - ЖШС, 4 - мекеме, 4 - ТК, 2 - ҚБ, 2 - акционерлік қоғамы, 2 - өндірістік кооперативі.
Осы жылдың қараша айында тіркелген заңды тұлғалар басшыларының 364-і - ерлер, 194-і - әйелдер. Осы кезеңде жойылған кәсіпорындардың арасында ерлер саны - 188, әйелдер - 54 адамды құрады.