• usd -1.56%
    431.37
  • eur -3.51%
    492.67
  • rub +0.01%
    5.71
  • gbp -4.40%
    583
  • cny -0.24%
    67.83
БҚО-ның  Ақжайық ауданында 57 кәсіпкер ШОБ-ті дамытуға 133 млн теңгенің несиесін алды 08.12.2014

Ауданның 44 жастағы тұрғыны өз ісін мал шаруашылығы саласына арнады, 13 адам наубайхана, жалпы тамақтану кәсіпорны, әр түрлі қызмет көрсететін цех ашты.

Сондай-ақ, аудан орталығында ет комбинатының ашылуына орай ауданның 10 тұрғыны ветеринарлық кәсіпкерліктің операторы мамандығын игеруде. «Өткен жылы аудан бойынша 225 адам қоғамдық орындарда қызмет істеді. Осы жылы олардың 86-ы тұрақты жұмысқа орналасты, 52 жұмыс беруші ұсыныс жасады,145 адам  жұмыс орындарына бағытталды, оның ішінде 24-і тұрақты негізде қызмет етпек», - делінген хабарламада.

Аудан орталығының мамандары ЖҚЖК аясында 703 тұрғынға кеңес берсе, 417 ауылдықпен келісімшарт орнатты.


Back to the list