• usd -1.56%
    431.37
  • eur -3.51%
    492.67
  • rub +0.01%
    5.71
  • gbp -4.40%
    583
  • cny -0.24%
    67.83
Қазақстанда 17,2 млрд теңгенің  2 976 нысаны жария етілді  - Қаржы министрлігі 08.12.2014

Аталып өткендей, Қазақстан Республикасы аумағындағы мүлікті жария ету бойынша жергілікті атқарушы органдардың жанындағы комиссияға ағымдағы жылдың  2 желтоқсанындағы жағдай бойынша  жалпы сомасы 89,4 млрд.теңгеге мүлікті жария етуге 11 230  өтініш келіп түсті:  оның ішінде сомасы 64,8 млрд. теңгеге  8 868 тұрғын үй нысаны;   сомасы 23,1 млрд. теңгеге 5 512 тұрғын үй емес  нысаны, оның ішінде 12,8 млрд.теңгеге 1018  коммерциялық нысан;   сомасы 0,7 млрд. теңгеге заңды тұлғалардың 13 қатысу үлесі;  сомасы 785 млн. теңгеге 1 бағалы қағаз келіп түсті.

«ҚР тысқары жердегі мүлікті жария етуге арналған өтініштер салық органдарына 2.12.2014 жылғы жағдай бойынша келіп түскен жоқ», - делінген хабарламада.

Сонымен қатар, мүлікті жария етуге арналған бұрынғыдай өтініштер саны бойынша Алматы облысы мен Алматы алда келе жатыр (3650 және 2500 тиісінше). Азаматтардың белсендігі бойынша үшінші орынды Ақтөбе облысы алды (1075 өтініштер). Азаматтардың белсендігі бойынша соңғы орын бұрынғыша Маңғыстау облысында - акция басталғаннан бері мұнда жария етуге барлығы 78 өтініш келіп түсті. 

ҚР ҰБ есебінің деректеріне сәйкес 28.11.2014 жылғы жағдай  бойынша екінші деңгейлі банктермен жалпы сомасы 5,0 млрд.теңге ақшаны жария етуге 31 жинақтаушы шоттар ашылды, оның ішінде бюджетке 296,6 млн.теңге ақшаны жария ету үшін алым төлей отырып, жинақтаушы шоттардан 2,7 млрд.теңге алынды. ҚР экономикасына 39,5 млн. теңге инвестицияланды.

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстанда қаржы мен мүлікті жария ету акциясы 2014 жылдың 1 қыркүйегінде басталды және 2015 жылдың 31 желтоқсанына дейін жалғасады.


Back to the list