06.12.2014
«Мен Атырау облысы Құлсары қаласының «Жеті қыз» компаниясын таныстырамын, біз ұлттық нақыштағы заманауи киімдерді шығарамыз. Бізге қандай тапсырыс түседі соларды бұлжытпай заманына сай етіп дайындауға тырысамыз», - деді М.Хамзина.
Сондай-ақ, М.Хамзина аталмыш байқауға мекеме тұңғыш рет қатысып отырғанын айтты.
«Біз осындай байқауға тұңғыш рет қатысып отырмыз. Облыстық байқауларға қатыстық әрине, бұл жоғары деңгейдегі бірінші байқау», - деді ол.
«Жеті қыз» компаниясының төрағасы атап өткендей, тігін мекемесі өзінің идеялары арқылы ғана киім тігеді.
«Біз тек сапалы материалмен ғана жұмыс істеуге тырысамыз. Бізде өзімздің жеке дизайнеріміз бар, ол өзгелердің идеясына ұқсамайтын туынды шығарады», - деді ол.
Индира Кауметова