• usd -1.56%
    431.37
  • eur -3.51%
    492.67
  • rub +0.01%
    5.71
  • gbp -4.40%
    583
  • cny -0.24%
    67.83
140-тан астам  бизнес-жоба Ақтөбедегі startup байқауында таныстырылды 05.12.2014

Ұлттық палатада хабарлағандай, байқауға облыс тұрғындары мен Алға, Қандыағаш, Ембі, Жем, Темір, Хромтау, Шалқар сынды шағын қалалардың өкілдері қатысты.

«Оның негізгі мақсаты – ауыл кәсіпкерлігін дамыту. Меніңше, жобалардың барлығы, шынайы. Таңдап алған кезде біраз қиындықтар да тууы мүмкін. Бүгін, жалпы саны 141 жоба таныстырылды.Әділқазылар алқасы тәжірибелі кәсіпкерлер мен жоба жасаудың қыр-сырын жіті меңгерген мамандардан тұрады. Ең үздік жобалар 3 млн теңгеге дейін қаржылық көмекке ие болады», - деді Ақтөбе облысы кәсіпкерлер палатасының директоры Төлеміс Шотанов.

Байқау ұйымдастырушылары өңірде өткізіліп отырған шара шағын қалалардағы жас талантты жастардың талпынысын шыңдандырады.

Инвестициялық байқаудың құны 30 млн теңгені құрады. Оның ішінде 15 млн-нын «Алтын Қыран» қайырымдылық қоры бөлді, тағы 15 млн Ақтөбе облысының әкімдігінен бөлінді.

ҰКП хабарлағандай, «Aktobe startup» қатысушыларының жобалары  «шағын бизнеске арналған 100 идея» жинағында жарық көрді. 


Back to the list