05.12.2014
Айта кету керек, Орманды ауылы тұрғындары ауылдың қоғамдық өміріне белсенді араласады. Мұнда вокал және би үйірмелері, драма үйірмесі мен түрлі клубтар жұмыс істейді. «Мәдениет үйінде облыс әкімі шығармашылық ұжыммен кездесіп, мекемеге 600 мың теңгелік заманауи музыка құрылғысын сыйлады», - делінген хабарламада.
Өңір басшысы мектеп оқушылары және түлектерімен кездесуде оқушылардың кәсіп таңдауы туралы да сөз өрбітті. Нақтырақ айтар болсақ, оқушылардың көпшілігі өздерінің ұстаз, дәрігер дәне энергетик болғылары келетіндіктерімен бөлісті. Ал кейбірі суретші, шаштараз және аспаз болатындарын айтты. Өз кезегінде әкім олардың айтқандарына риза болып, сәттілік тілей отырып, 23 жылдық даму тарихында Қазақстанның ТМД елдерінің арасында Елбасының көрегенді саясатымен қазіргі жетістікке жеткенін баса айтты.
«Еліміздің жеткен жетістіктерінің барлығы, сөзсіз, халықтың бірлігі, достығы мен мүдде ортақтығының арқасында», - деді әкім.
Сонымен қатар облыс басшысы Президент атынан ауыл мектебінің еңбек кабинетіне жаңа тігін машинасын табыстады.