• usd -1.56%
    431.37
  • eur -3.51%
    492.67
  • rub +0.01%
    5.71
  • gbp -4.40%
    583
  • cny -0.24%
    67.83
Астанадағы көрмеде ҚР-ның 150-ден астам тауар өндірушілері өз өнімдерін   ұсынды 05.12.2014

Көрмеде 150-ден астам отандық тауар өндірушілер өз өнімдерін ұсынды.  «Көрмеге қатысушылар еліміздің үздік компанияларымен және олардың өнімімен таныса алады. Тіпті, азық-түлік секторында қазақстандық шұжық, сүт өнімдері мен өзгеде тауарларды сатып ала алады. Сонымен қатар, отандық өндірушілер өндірістік мақсаттағы өз ұсыныстарымен таныстыратын болады», - деп хабарлады көрме ұйымдастырушылары. 

Ауқымда шара аясында отандық компаниялардың иелері елордалық оқу орындарының студенттері және ұстаздарымен әңгімелесе алады. Кәсіпорындар өздерінің жұмысы туралы айтып береді және 3 және 4 курс студенттері олардың базасында ғылыми зерттеу жүргіузі үшін Меморандумға отыратын болады. 

Естеріңізге сала кетейік,  «Қазақстанның үздік тауары» көрме-байқауы 2001 жылдан бастап өткізіліп келеді. Күні бүгінге дейін оған 5000-нан астам кәсіпорын қатысып үлгерді.


Back to the list