04.12.2014
«Мемлекет басшысы Оңтүстік Қазақстан облысы еліміздің халық ең тығыз қоныстанған және қарқынды дамып келе жатқан өңірі екеніне тоқталды», - делінген хабарламада.
«Батыс Еуропа – Батыс Қытай» автомагистралі, «Бейнеу-Бозой-Шымкент» газ құбыры, сондай-ақ ел ішінде жаңа коммуникациялардың пайда болуына себепші болмақ «Нұрлы жол» жалпықазақстандық жобасы облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуына тың серпін береді.
Қазақстан Президенті бүгінде жаһандық үдерістердің аясындағы басты міндеттердің бірі тұрғындарының саны миллиондық межеге жеткен ірі елдегі қалаларды дамыту болып отырғандығына тоқталды. Бұл орайда, Шымкент елдің әлеуметтік-экономикалық тұрғыдан тартымды оңтүстіктегі жаңа орталығының біріне айналады.
Мемлекет басшысы Қазақстанның өз көліктік-транзиттік әлеуетін жүзеге асыруда көршілес мемлекеттермен де тығыз ықпалдасып отырғанын айтты.
«Қазақстан-Түрікменстан-Иран» теміржол магистралінің іске қосылуы елімізге өз өнімін Парсы шығанағы өңіріне экспорттауға және Үндістан мен өзге де оңтүстіказиялық нарықтарға шығаруға мүмкіндік береді.
Соңында Мемлекет басшысы өңір халқына табыс және бақ-береке тіледі.